Өзбек журналисі Ниязоваға қарсы сот ісі бүгін басталады

Тәуелсіз журналист Үмида Ниязованың соты Ташкентте бүгін ашылады деп белгіленген. Адам хұқтары топтары Үмида Ниязоваға шекарадан заңсыз өтті, контрабандамен айналысты деп тағылып отырған айыптардың саяси астары бар деп мәлімдеген болатын. Ол 10 жылдан аса мерзімге бас бостандығынан айрылуы мүмкін.