Өткен ғасырдың соңына қарай тәуелсіз Қазақстан қоғамында ресми билікке оппозициялық бағытта қазақ тілінде шыға бастаған «ДАТ» газетінің дәстүрін жалғастырушы басылымның 300-інші саны бейсенбі, 19-сәуірде жарыққа шықты. Тоғыз жылдық қысқа тарихында оппозициялық басылымның және газет тілшілерінің үстінен жиыны 28 рет сот болыпты. Оның ішінде 18 рет әкімшілік жаза, екі рет қылмыстық айып тағылып, 8 рет азаматтық іс бойынша сотқа тартылып, газет төрт рет жабылған. Бірақ, әр кез алғашқы «Даттың» тікмінез, қайсар рухын сақтай отырып басылым «СолДАТ», «Сегодня-Бүгін», «Жұма-Таймс», «Айна плюс», «Тасжарған» деген атаулармен қайта жаңғырып, өз оқырманын тауып келеді.
Әр кез сөзге тоқтаған дала дәстүрлі қазақ хандары мен билері қарапайым халық өкілінің болса да «Дат, тақсыр!» дегеніне: «Датың болса, айт!» деп, сөзін тыңдаған деседі. Тәуелсіз Қазақстан қоғамында ресми билікке оппозициялық бағытымен танылған газеттің «Дат» аталуы сол дәстүрдің рухын ту еткендіктен болар. 1998 жылы сәуір айынан бастап шыға бастаған «Даттың» алғашқы редакторы Шәріп Құрақбай мырза:
- Қазір құпия емес, ол кезде Әкежан Қажыгелдин үкімет басынан биліктен кетіп, президенттік сайлауға түсейін деп жатқан кез болатын. Сол кісінің «тәуелсіз газет шығарайық» деген тікелей ұсынысымен, оның көмекшісі Еркін Әбішев деген азамат конкурс жариялап, үш-төрт жігітке газеттің бағдарламасын жасатты. Соның ішінен менің жобам қабылданып, сол кезде «Дат» газетін шығарғанбыз. Атын өзім ойлап тапқанмын. Өткір, қысқа да нұсқа боп естілетін болсын деген соң, ойлап отырып, осы бізде атадан қалған «Дат!» деген сөз бар еді ғой деп, газет осылай аталды. Ал газетіміз алғашқы санына-ақ елді елең еткізген газет болды, - дейді.
Алайда, «Даттың» ашық та, ащы сынынан сескенген билік газетті сол жылы-ақ күзде әртүрлі айыппен сотқа тартып, ақыры жапты дейді газет тілшілері. Бірақ, 20-шы ғасырдың соңындағы тәуелсіз қазақ баспасөзінің тарихында өзіндік қолтаңба қалдырып үлерген «Даттың» рухын жалғастырған мұрагер басқа газеттер шыға бастады. Олар да әртүрлі себеппен жабылып қалса да, өзге атаумен қайтадан жаңғырып шығып отырған басылымда жұмыс істеген журналистер осы өткен уақыт ішінде ресми билік газетпен күресін тоқтатпағанын айтады. Газет редакция шабуылдап тонауға ұшырағанын, тілшілерін белгісіз адамдар соққыға жыққаны жайлы суыт хабарлар кезінде халықаралық қауымдастыққа дейін жетіп отырды.
Сол соққыға жығылғандардың бірі, газет ашылғалы бері жұмыс істеп келе жатқан, халықаралық Сорос қорының «Батылдығы мен табандылығы үшін» сыйлығының иегері Бақытгүл Мәкімбай былайша еске алады:
- 2001 жылы мамыр айының 21-інде біздің компьютерші жігіт Кенжетай Нұрмұхамедұлы екеумізді редакция кеңсесінде отырған жерімізде төрт жігіт келіп ұрып, соққыға жықты. Мен басымнан жарақат алып, миым шайқалған. Кенже де жарақат алды. Сол кезде ұрған жігіттер шығып бара жатып, «бұл сендерге соңғы ескерту!» деп ескертіп кеткен. Кейінгі кездері «Жұма-Таймс» газетінде редактор болдым. Сол кездері де бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылып, талай айыппұл төледік.
«Даттың» негізгі бағыты туралы кезінде осы газетте жарияланған материалдары үшін сотталып, айыппұл төлеп, ақыры 2003 жылы сот шешімімен журналистика кәсібімен 5 жылға дейін айналысуға тиым салынған, қазір өзін газеттің бас оқырманы деп таныстыратын журналист Ермұрат Бапи:
- Негізінде, алғашқы «Дат» жабылғаннан кейін-ақ, бұл сол кездегі Қазақстандағы жалғыз оппозициялық, шын мәніндегі жалғыз тәуелсіз газет болғандықтан, осы «Даттың» идеясын, рухын сақтау ойымызда болды да, осы жобаны ары қарай жалғастыру жолында біз біраз жұмыс істедік. Одан «СолДАТ» туды. Бірақ, оны тіркеу біраз қиындыққа тап болды Дегенмен, билік патриоттық газет деген соң, атына қарап, сірә, солдаттар туралы шығар деп ойласа керек, тіркеп жіберіпті. Ал ол шын мәнінде «сол бұрынғы Дат» дегенді білдіретін атау еді. Сондықтан, кейінгі шығып жатқан газеттердің барлығы сол дәстүрді сақтап, жалғастырып, Қазақстанның халқына әлемде болып жатқан және Қазақстанның өз ішінде, қоғамда болып жатқан сан-салалы қоғамдық өмірден балама тұрғыдағы ақпарат беруді өзінің мақсаты деп санайды. Негізінде осы «Дат» жобасындағы газеттер Қазақстандағы ресми ақпарат көздері беріп жатқан ақпарға қарама-қайшы, не соның көлеңкелі жағын жариялайтын басылым. Соның бір мысалы, тек «Дат» жобасындағы газеттер әйгілі «Қазақгейт» туралы, яғни, Қазақстанның билік басындағылардың жемқорлығы мен былықпайлары туралы, жоғары лауазымды шенеуніктердің шетелдегі жұрттан жасырын есеп шоттары туралы материалдар басып тұрдық. Ол үшін талай мәрте сотқа тартылып, талай рет айыппұл да төледік, - дейді.
«Дат» және осы рухтағы газеттердің халыққа пайдасы көп болды дейді, газеттің алғашқы редакторы Шәріп Құрақбай:
- «Дат» жобасындағы газеттердің арқасында халық біраз оянды. Енді, бір керемет серпіліс жасады, не бетбұрыс жасады деп айтпайық, бірақ, тасқа тамған тамшыдай өзіндік белгі қалдырды. Міне, бүгінгі күнді қарасаңыздар, қазіргі заман мен 1998 жылды салыстыра алмайсыздар. Керек десеңіз, үкімет басындағы шенеуіктер, тіпті Назарбаевтың өзі де сол кезде біз көтерген «әділ сайлау», «сөз бостандығы», «адам құқықтары» деген сияқты мәселені қазір өздері ауызға алып, демократиялық реформаларды бастайық дегенді айтып жүр.
Айта кетерлігі, «Дат» жобасындағы басылымдар осы кезге дейін тәуелсіз Қазақстанда сотқа ең көп тартылған және ең көп айыппұл төлеген газеттер болып отыр. Оларға сот шешімімен барлығы 200 миллион теңгедей айыппұл салыныпты. Алайда, соған қарамай, «газет жобасының өшпей, жалғасын тауып келе жатқаны - Қазақстанда сөз бостандығы мен азаматтық еркіндікті ту еткен «Даттың» рухы мен дәстүрін қолдайтындардың барлығынан» дейді газет ұжымы.