Қазақстандық бірқатар қоғам қайраткерлері «Нұрбанк» АҚ төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Жолдас Темірәлиев пен банктің шаруашылық басқармасының басшысы Айдар Хасеновтің жоғалуына алаңдаушылық білдіріп отыр. Жоғалғандардың тағдырына алаңдаушылық білдірген қоғам қайраткерлері президент Н.Назарабаевтың атына ашық хат жолдады. Онда олар құқық орындарына тергеу-тексеру жұмыстарын бұра тартпай жедел жүргізу және қылмыс туғызған жағдайды жіті анықтау, жұртшылықты дер кезінде хабардар етіп отыру туралы нұсқау беруді президенттен үзілді-кесілді сұрап отыр. Ал Қазақстанның ішкі істер министрлігінің өкілдері болса, жоғалған азаматтарды іздеу жалғасып жатқанымен, әзірге ешқандай нәтиже болмай жатқанын айтады.
Президент Н.Назарбаевтың атына жазылған ашық хатта: «Ел аман, жұрт тынышта есті азаматтардың ешкіммен хабарласпай, өз-өзінен ұшты-күйлі жоғалып кетуі кімнің де болса көңіліне күдік ұялатады. Қос азаматтың қамқорлығына зәру жас балалары мен жұбайлары және ата-аналары бар. Біз олардың алаңдаушылығына ортақпыз» делінген. Ашық хатқа қол қоюшылардың бірі - Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның Астана қалалық бөлімшесінің жетекшісі Серікбай Әлібаев:
- Бұл мәселе ақпарат құралдарында қанша көтерілді. Жолдас Теміралиевтің жан жолдасы жылап президент атына хатта жолдады. Бірақ, құзырлы орындардың бұл істі дұрыс қарамай, оның жабық тұрғаны біздерді қинайды. Өйткені, бұл жәй іс емес. Бұл жерде президентке жақын адамдардың бірі - Рахат Әлиевтің есімі аталады. Сондықтан құқық орындары бұл істі қарауға да сескеніп отырған шығар. Біздің президентке хат жолдап отырғанымыздың себебі сол. Рахат Әлиевке қазір кім сөз айта алады? Министр айта ала ма, прокурор айта ала ма? Оның үстіне қазір ол шетелде жүр. Осыған орай, президенттен құқық орындарына тергеу-тексеру жұмыстарын бұра тартпай жедел жүргізу және қылмыс туғызған жағдайды жіті анықтау, жұртшылықты дер кезінде хабардар етіп отыру туралы нұсқау беруді үзілді-кесілді сұрап отырмыз, - деді сәуірдің 19-күні «Азаттық» радиосына.
«Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Жолдас Теміралиев үстіміздегі жылдың қаңтар айының 31-і күні банк басшыларымен кездесуге кетіп, содан үйіне қайтып оралмаған еді. Осыдан кейін Темірәлиевтің зайыбы Армангүл Қапашева 31-қаңтар күні банк басшыларымен кездесуге кеткен жұбайын жоғары билік басшылығына жақын лауазымды адамдар ұстап отыр деп, ақпанның 4-күні, интернет басылымдар арқылы президенттің атына мәлімдеме хатын жариялап, одан жәрдем сұрады. Алайда, әлі күнге дейін Жолдас Темірәлиевтің қайда екені және оның тағдыры не болғаны жұмбақ қалып отыр. Осыған орай «Азаттық» тілшісінің қойған сауалына сәуірдің 19-күні Қазақстанның Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов:
- Жоғалған азаматтарды іздестіру жұмыстары әдеттегідей жүріп жатыр. Бұл іс жайлы Ішкі істер министрі, министрліктің өзге де басшылары хабардар. Темірәлиевтің жоғалып кеткендігі туралы хабарлама хатты оның әйелі Алматы қалалық ішкі істер департаментіне тапсырған болатын. Іздестіру жұмыстары жалғасуда. Өкінішке орай, әзірге нәтиже жоқ. Қандай да бір ақпарат болып жатса, біз міндетті түрде ақпарат құралдарына хабарлайтын боламыз, - деп жауап қайтарды.
Биылғы ақпан айының басында «Нұрбанктың» бұрынғы басшылары Әбілмәжін Ғилымов пен оның орынбасары Жолдас Термірәлиевтың әйелдері Алматыдағы өз үйлерінде баспасөз мәслихатын өткізіп, «біздің күйеулерімізді 18-қаңтар күні Рахат Әлиев қала маңындағы жеке моншалардың біріне күштеп апарып, ұрып-соққан, қинап, Алматыдағы банк мекемесі орналасқан «Кең дала» ғимаратын өз адамдарына сатуға мәжбүрлеген» деп мәлімдеген болатын. Сондықтан «Нұрбанктың» бұрынғы басшыларының әйелдері - Нәзира Базарбаева мен Армангүл Қапашеваны «жала жауып, ар-ұжданыма нұқсан келтірді» деп, аталған банк акционерлерінің бірі, президент Назарбаевтың үлкен күйеу баласы, қазірде Қазақстанның Венадағы елшісі қызметінде жүрген Рахат Әлиев сотқа берген болатын. Қазірде Алматыдағы аудандық соттардың бірінде жалғасып жатқан сот ісінде Р.Әлиев әлгі екі әйелдің әрқайсысынан моральдық шығын ретінде бір миллион теңгеден айыппұл өндіріп алуды талап етіп отыр.