Қабылдағы Толо теледидар бекеті алдына жиналған 200-дей адам ол бекеттің жабылуын талап етуде

Шерушілер осылайша бас прокурор Абдул Жабар Сабеттің шешіміне қолдау көрсетуде. Толоның журналисі прокурор сөзін, елде бей-берекеттік туындататындай тұрғыда, өзгертіп айтты деп есептегендіктен де ол теле бекет ғимаратына басып кіруге бұйрық бергендігін бас прокурор айтып отыр. Толо басшылары болса, журналистің хабарында қате кеткен жоқ, дейді.