Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров БҰҰ-ың Косово жоспары жүзеге аспайды дейді

Өйткені ол жоспарда Сербия мүддесі ескерілмеген деп атап көрсеткен. Белградта Сербия премер-министрі Войслав Коштуницамен әңгімелесулерден кейін сөйлеген сөзінде Лавров БҰҰ-ың Косовоға халықаралық бақылау аясындағы шектеулі тәуелсіздік беру жоспарын іске асырудың салдарлары жақсы болмайды дегенді айтқан. Ол Косовоның түпкілікті мәртебесіне байланысты келіссөздерді жалғастыруға шақырған. БҰҰ-ың Қауіпсіздік кеңесі Косово жоспарын алдағы айда талқылауы тиіс.