Ауғанстандағы шайқастар барысында 24 талибандық өлтірiлген

Хелманд провинциясында жеті сағатқа созылған шабуылдарда АҚШ пен Ауған жасақтары күдіктелген 24 талибандықты жойған. АҚШ бастаған коалиция қолбасшылары Сангин провинциясында түнде болған қақтығыстарда екі американ жасағы жараланды деп хабарлаған. Халықаралық күштер екі аптадай бүлікшілер қолында болған аймақты қайта өз бақылауларына алғанын мәлімдеген.