АҚШ Қорғаныс министрінің айтуынша, Ирақ соғысына қатысты АҚШ міндеттемесі шексіз жалғаса бермейді

АҚШ Қорғаныс министрі Роберт Гэйтс Ирақ соғысына қатысты АҚШ міндеттемесі шексіз жалғаса бермейді деп мәлімдеді. Ираққа күтпеген жағдайда келген Гэйтс Фаллуджа жанындағы әскери базасында американдық қолбасшылармен кездесті. Кейін ол журналистердің алдында сөйлеген сөзінде “уақыт өтіп бара жатыр” деп мәлімдеді. Гэйтс, сондай-ақ, Ирақ жетекшілеріне саяси қайта құруды және мұнайдан түскен табыстарға қатысты заңдастыру істерін тездетіп жүзеге асыруды тапсырамын деді.