Ортақ мәмілеге қол жеткеніне қарамастан, Киев көшелеріне кеше де мыңдаған шеруші шықты

Украина президенті Виктор Ющенко мен премьер-министр Виктор Янукович саяси теке-тіресті келесі аптада диалог арқылы шешуге келісті. Бұның алдында егер ортақ мәмілеге қол жеткізілсе, парламентті тарату туралы Жарлығының күшін жоюы мүмкін екендігін президент Ющенко айтқан болатын.