Бүгін Францияда президент сайлауы өтеді

Француз сайлаушылары бүгін президент Жак Ширактың мұрагері кім боларын анықтайды. Алдын-ала жүргізілген сауалнамаларға қарағанда оңшылдар жетекшісі Никола Саркози социалистер үміткері Сеголен Рояльдан сәл ғана алда келеді. Бақылаушылардың болжамдары бойынша мамырдың 6-дағы сайлаудың екінші кезеңіне осы Саркози мен Рояль шығуы мүмкін. Дегенмен де нақты кімге дауыс берерлерін шешпеген әлі миллиондағансайлаушы бар, сондықтан да күтпеген нәтижелер де болуы ықтимал. Ал келесі үміткерлер әсіре оңшылдар жетекшісі Жан Мари ле Пен мен орталықшыл Франсуа Байроудың да президент сайлауының соңғы турына жету үміттері бар. Белсенді Пьер де Шарнак сенбі күні Саркозиді қолдау науқанын өткізді.

- Менің ойымша, адамдардың көбі Байроуға дауыс беретін сияқты, өкінішке қарай, кейбіреулері Никола Саркозиден қорқады. Ешнәрсеге сенім жоқ. Сол себепті де мен мұнда науқан өткізіп жатырмын.

Жалпы Францияның алыс теңіз аймақтарындағы сайлаушылар және Франциядан тыс жерде тұратын француздар дауыс беруді сәуірдің 21-де бастап кетті. Ал бүгін Францияда сайлау учаскелері таңғы 8-де, демек Астана уақытымен күндізгі 12-де ашылады.