Бағдадтағы қаза болғандар мен жараланғандардың көпшілігі полицейлер

БАҒДАД: Бүгін Бағдадта қатарынан болған 2 жарылыстан кем дегенде 10 адам қаза болып, тағы 75 кісі жараланды. Жанпидашыл-террористер бомба орнатылған автокөліктерін қаланың шийттер тұратын ауданындағы полиция бөлімінің дәл маңында жарды. Қаза болғандар мен жараланғандардың көпшілігі полицейлер көрінеді. Полиция бөлімінің ғимаратына едәуір нұқсан келтірілді.