ТЕҺРАН: Иранның 250-ден астам журналисі Жоғарғы соттың төрағасына жолдаған ашық хатында түрмеге жабылған әріптесі Әли Фарахбахшты босатуға шақырады. Өткен наурыз айында Фарахбахш “тыңшылық жасады” деген айып бойынша 3 жыл бас бостандығынан айрылған болатын. Ол Тайландта болып өткен экономикалық конференциядан елге оралған бойда өткен жылдың қарашасында тұтқындалды. Иран журналистерінің ұйымы ресми билік Фарахбахшты сөз бостандығы құқын пайдаланғаны үшін тұтқындады деп алаңдайды.