БАҒДАД: АҚШ-тың Ирақтағы елшісі Райан Крокердің мәлімдеуінше, Бағдад қаласын шийттер мен сүнниттер тұратын 2 бөлікке бөлмеу жөніндегі “Ирақ үкіметінің тілегін” АҚШ армиясы құрметтейді. Алайда, Крокер қаланы екіге бөлетін қабырғаның құрылысы доғарылады деп кесіп айтқан жоқ. АҚШ елшісінің мәлімдеуінше, бұл қабырға - қаланы бөлу үшін емес, оны қорғау үшін салынады. Кеше Қайырда сөйлеген сөзінде Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәлики Бағдадты шийттер мен сүнниттердің бөліктеріне бөлетін қабырғаның құрылысын тоқтатуды талап еткен болатын.