Еуропада АҚШ-тың қорғаныс жүйесін орнату жоспары бүгін Норвегияда талқыланбақ

Осло қаласында НАТО елдері сыртқы істер министрлерінің екі күндік мәслихаты ашылады. Жиында Польша мен Чехияда қорғаныс бекеттерін қою жайындағы қарамақайшы жоспар талқыланбақ. Ресей жоспарға қарсылық танытып келеді. НАТО одағына қатысатын кейбір елдер де алаңдаушылық танытады. Мәслихатқа Ресей делегациясы да қатысады, делегацияны сыртқы істер министрі Сергей Лавров басқарып келеді.