Еуропа келісімінен Ресейдің шығып жатқанына НАТО алаңдаушылық танытты

НАТО бас хатшысы Яап де Хууп Схеффер кәдімгі қару-жарақты бақылау келісімінен Ресейдің уақытша шығып жатқанын растады. Президент Владимир Путин бұл жайында кеше ескерткен, НАТО мүшелері Еуропада кәдімгі қару-жарақты бақылау келісімін бекітпеді, сондықтан келісімнен шығамыз деген. НАТО бас хатшысы Ресейдің шешіміне қатты алаңдап отырмыз, өкініш білдіреміз дейді. НАТО мүшелері Ресей Грузия мен Молдовадан әскерін әкетсін алдымен, сосын ғана қол қоямыз дейді.