Түркия үкіметі ел әскерінің президент сайлауы барысына байланысты жасаған мәлімдемесін сынға алды

Жұма күні өткен президент сайлауының бірінші кезеңінде Сыртқы істер министрі Абдуллаһ Гулдың парламентте қажетті қолдау дауысқа ие бола алмағандығына ел әскері қатты алаңдаушылық білдірген болатын. Осыған байланысты премьер-министр Режеп Тайып Ердоган министрлерімен кездесті. Елдің Әділет министрі әскердің үкіметке жасаған ескертуі “демократиялық тәртіпте қабылдауға келмейді” деп мәлімдеді. Еуропа Одағы мен АҚШ та Түркия әскерін демократияны құрметтеуге шақырды.