Саудия патшасы бейбіт Израиль-Палестина келіссөзінің жалғасуын қалайды

ӘР-РИЯД: Сауд Арабиясының патшасы Абдулла мен Палестина автономиясының төрағасы М.Аббас Саудияның астанасы - Ар-Риядта - Израиль мен Палестина арасындағы қарым-қатынасты талқылады. М.Аббас Абдулла патшаға Газа аймағындағы ахуалдың нашарлағанын хабарлады. Израильмен арадағы дипломатиялық байланысы жоқ Сауд Арабиясы таяуда Израиль мен Палестна арасындағы бейбіт келіссөзді қайта жалғастыруға шақырды.