ТЕҺРАН: Иран Ирақтың қауіпсіздігі проблемасы бойынша осы аптада өтетін халықаралық конференцияға өзінің мәртебелі делегациясын аттандыру туралы шешім қабылдады. Кеше Иранның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мохаммад Әли Хоссейни мәлімдегендей, мамырдың 3-і мен 4-і күндері Мысырда өтетін осы форумға Иран делегациясын сыртқы істер министрі Манучир Моттақи бастап барады. Ирақтағы шийттерді қару-жарақпен қамтамасыз етіп, оқытып-жаттықтырады деп есептелетін Иранның осы конференцияға қатысуы өте маңызды.