Ирақ армиясы мен полициясының 16 офицері қызметтен қуылды, 9-ы - сүнниттер

ВАШИНГТОН: Ресми Вашингтон Ирақ армиясы мен полициясының бір топ жоғары лауазымды офицерін қызметтен аластатып, тұтқынға алу ісінде Ирақ премьер-министрі Нұри Әл-Мәликидің жақын көмекшілері шешуші рөл атқарды деген хабарға өзінің алаңдайтынын мәлімдеді. Ақ үйдің баспасөз-хатшысы Тони Сноу хабарлағандай, шийттердің жартылай әскери құрамаларының іс-қимылына бөгет қойғысы келген офицерлердің қызметтен аластатылуы мәселесін Ақ үй Ирақ басшылығымен талқылайды. Хабарға сәйкес, 16-дан көп жоғары лауазымды офицер қызметтен босатылған, оның 9-ы – сүнниттер көрінеді.