Ауғанстандағы “Талибан” соғысушылары 18-жастағы бір полиция қызметкерінің басын кесіп тастаған. Қандағар өлкесінің әкімі Нияз Мохаммад Сархадидің айтуынша, әлгі полиция қызметкері жұмысқа келе жатқанында Панжауи ауданындағы Мушан ауылында бүлікшілер тарапынан ұсталған. Терроршылар полиция қызметкерінің басын кесіп, кейін оның денесін мектепте қалдырған, дейді Сархади.