Алматыда бір Қытай азаматы мен 9 қазақстандық лаңкестік әрекеттермен айналысты деген айыппен түрмеге жабылды

Алматы соты бір Қытай азаматы мен 9 қазақстандықты 3 жылдан 25- жылға дейін бас бостандығынан айырды. Оларға “Можахеддин жамааты” тобының іс-қимылдарымен айналысты деген айып тағылды. Ал аталған топ лаңкестік әрекеттермен шұғылданады деген айыптар айтылуда. Қазақстан билік орындары “Можахеддин жамаатына” қатысты тергеу ісін өткен жылдың көктемінен бері жүргізіп келеді.