Әзірбайжан үкіметі Ауғанстандағы әскерилерінің санын екі есеге көбейтуді жоспарлап отырғанын айтты. Әзірбайжанның Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктері Баку Ауғанстандағы күштерінің санын шамамен 44-ке жеткізбекші деп хабарлады. Бірақ бұл мәселеге байланысты нақты шешім әлі шығарылмаған. Ауғанстанда қазір Әзірбайжанның 22 әскері бар.