БАҒДАД: Бүгін АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігі хабарлағандай, қаланың жақсы күзетілетін “Жасыл аймағы” кеше зымырандармен атқыланып, АҚШ үкіметіне жұмыс істейтін 4 филиппин жұмысшысы қаза тапты. Өткен күндері “Жасыл аймақ” зымырандармен және минаатқыштармен талай рет атқыланды, бірақ бірде-біреудің қаза болғаны туралы мәлімет болмады.