Биыл Қазақстан Орталық Азия елдері ішінен тұңғыш болып кісі басына шаққандағы пайдасы орта және жоғары деңгейдегі 40 ел қатысатын ғаламдық кәсіпкерлік мониторингі бағдарламасына қатыспақ. 2 мамыр күні осы жайында мәлімдеген Қазақстандағы шағын кәсіптің дамуы жөніндегі жобаның директоры Патрик Пернер бағдарлама аясында 2 және 20 мамыр аралығында қазақстандықтар арасында Қазақстандағы кәсіпкерліктің деңгейін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілетіндігін айтты.
2 мамыр күні Қазақстандағы шағын кәсіптің дамуы жөніндегі жобаның директоры Патрик Пернер Қазақстандағы кәсіпкерліктің дамуы жөніндегі мониторинг жасап, шетелдермен салыстырмалы түрде сараптама жасау мақсатымен бүгіннен бастап Қазақстанда ғаламдық кәсіпкерлік мониторингі бағдарламасының жүзеге аса бастайтынын айтты. Ол сондай-ақ, бұл зерттеулерге барлық қазақстандықтардың қатыса алатынын айтып, жиналған ақпаратты Қазақстандағы кәсіпкерлік қалай дамып жатқанын анықтау мақсатында ғана пайдаланбақпыз деді. Патрик Пернердің айтуынша, бұған дейінгі өткізілген осындай зерттеулер көп елдердің экономикасына терең үңілуге өз септігін тигізген. Мысалы, Латвиядағы зерттеу нәтижесінде ол елдегі кәсіпкерліктің ойдағыдай дамымай жатқанына жемқорлықтың кедергі болғандығын анықтағанбыз дейді ол. Ал Қазақстандағы шағын кәсіптің дамуы жөніндегі жобаның өкілі Гүлнора Якубова ұйымдастырғалы жатқан зерттеулердің терең болатынына өзінің сеніп артатындығын айта келіп, зерттеуді сараптау нәтижесінде туындаған ұсыныстардың Қазақстан үкіметіне тапсырылатындығын жеткізді.
Ал экономист-ғалым Рахман Алшанов Қазақстанда кәсіпкерліктің жеткілікті дәрежеде дамымай жатуы себептері көпшілікке белгілі болғандықтан, мұндай зерттеулердің артық екендігін айта келіп, кәсіпкерлікке кедергі болып отырған себептер жайында өз пікірін былайша білдіреді.
- Оның көбісі монополияға байланысты. Өйткені біздегі негізгі салаларда монополист компаниялар үстемдік етеді. Сосын жергілікті әкімшіліктер тек өздеріне жақын кәсіпкерлерге ғана көмектесіп келеді. Көлеңкелі бизнес те бар. Шетелдерден келетін контрабандалық өнімдер де ашық жұмыс істеймін деген кәсіпкерлерге тосқауыл болып келеді. Банктердің кәсіпкерлерге 20-30 пайызбен несие беруі де кәсіпкерліктің дамуына кері әсер етуде. Кәсіпкерлерге салынатын салықтар әлі де жоғары. Жаңадан бастап келе жатқан кәсіпкерлерді салықтан босатып, Қазақстанға да дамыған елдер тәрізді кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдауды аямау керек деп ойлаймын, - дейді Рахман Алшанов.
Ал Қазақстанда өз кәсібіп ашып алған ұлты қазақ Франциялық кәсіпкер Жүсіп Қаһарманұлы Қазақстанда жалпы кәсіпкерлерге деген көзқарастың дұрыс екендігін айта келіп, әсіресе шетелден келген азаматтарға кәсіппен айналысуға мол мүмкіндіктер бар деген көзқарас білдіреді.
- Бұл жақтың қазақтары шетелден келген қазақпыз десек, қолдарынан келген көмектерін аямайды. Қазақстанға келіп, кәсіппен айналысқалы бері айтарлықтай бір кедергілерге ұшыраспаппын. Әлбетте, белгілі бір кедергілер болып тұрады. Алайда жергілікті жағдайларға үйренгеннен кейін, жұмысымыз алға басты. Жалпы, Қазақстанда өзге елдерге, мысалы Францияға қарағанда жеке кәсіпкерлікпен шұғылдану оңай, - дейді Жүсіп Қаһарманұлы.
Кәсіпкерліктің деңгейін анықтау мақсатында жүргізілетін сауалнама Қазақстанның 14 облысындағы 100-ден аса елді мекенді қамтымақ.