Түркиядағы кезектен тыс парламент сайлауы саяси күштердің күресін басуға тиіс

АНКАРА: Түркиядағы кезектен тыс парламент сайлауы 22-нші маусым күні өтеді. Бұл мерзімді бүгін түрік парламентінің өзі бекітті. Кезектен тыс парламент сайлауы – Түркиядағы исламшыл саяси күштер мен зайырлы мемлекеттілікті қолдайтындардың арасындағы соңғы кезде күрт өршіп кеткен теке-тіресті басуға тиіс.