Ираққа қатысты 5-жылдық жоспар мақұлданды

Мысырдағы халықаралық конференцияда Ирақтағы ахуалды тұрақтандыруға бағытталған 5 жылдық жоспар мақұлданды. Бұл туралы БҰҰ бас-хатшысы Бан Ги-Мун Шарм әл-Шейх курортында өткізген баспасөз-мәслихатында хабарлады. Бұл бастаманы БҰҰ мен Дүниежүзілік Банк қаржыландыратын болады.