Арменияда сайлау алдында оппозиция қолдаушылары шеруге шықты

Ел астанасы Ереванда шерулетуші бірнеше мыңдаған адам алдағы парламент сайлауының еркін де әділ өтуін және президент Роберт Кочарянға импичмент жариялануын талап етуде. Полицияның бағалауынша, шерудегі оппозиция жақтастарының саны 5 мыңдай болады. Ал шеруді ұйымдастырушылар көшеге 13 мың адамның шыққанын айтады. Арменияда парламент сайлауы 12 мамыр күні өтуі тиіс.