АҚШ Иранмен келіссөз өткізгенін растады

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс АҚШ дипломаттарының Иран ресмилерімен Мысырда кездескендерін растады. Шарм әл-Шейхтағы конференция аясында өткен кездесуде Ирақтағы қауіпсіздік мәселесі талқыланған. Кондолиза Райс пен Иран сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки ол келіссөзге қатыспаған. Иран мен АҚШ арасындағы дипломатиялық қатынастар 1979-шы жылы үзілген болатын.