Жергілікті радионың хабарлауына қарағанда, Африкада жоғалып кеткен жолаушы ұшағы Камерунда құлаған, оның бортында 109 жолаушысы және 9 адам экипаж мүшесі болған. "Боинг 737" әуе лайнері Кот д’Ивуардан Камерун арқылы Кенияға ұшып бара жатқан. Кения әуежолдары компаниясының өкілі Титус Найкунидің айтуынша, әуе лайнері Камерунның Дуала қаласынан ұшып шыққан сәтте-ақ онымен байланыс болмай қалған.