Ауғанстандағы Талибан қозғалысы кепілдіктегі француз азаматтарына байланысты белгілеген шартты мерзімін ұзартты. Бұл мерзім осымен екінші рет кейінге қалдырылып отыр. Франс-Пресс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Талибан баспасөз-хатшысы Юсуф Ахмади мерзімдік шектеу Франциядағы президент сайлауынан кейінге қалдырылды деген. Балаларға көмектесетін агенттіктің екі француз қызметкері мен үш ауған азаматы өткен айда ұрланған болатын. Ұрланған француздардың біреуі босатылды.