Президенттің үлкен күйеу баласы, «Нұрбанк» акционерлерінің бірі - Рахат Әлиев «ар ұжданыма нұқсан келтірді» деп сотқа берген Надира Базарбаеваның үстінен жүріп жатқан сот ісі, банктің бұрынғы басқарма бастығы Әбілмәжін Ғилымов пен осы іске қатысты сотқа тартылған арнайы жедел топ жасақтарының үстінен басталған сот ісі аяқталмайынша кейінге қалдырылды. Сондай-ақ, сейсенбі күні Алматыдағы Медеу аудандық сотта «Нұрбанкке» шабуыл жасады деп сотқа тартылған арнайы жедел топ жасақтарын оларға тағып отырған «қызмет бабын асыра пайдаланған» деген айыппен таныстырды.
Сейсенбі күні Алматыда «Нұрбанк» төңірегіндегі дау-дамайға қатысты екі сот ісі болып өтті. Алғашқы сот ісінде банктің бұрынғы басқарма бастығы Әбілмәжін Ғилымовтың әйелі Надира Базарбаеваның сот ісі болды да, ол іс Надираның жақтаушысы Марат Мурзинның өтінішімен Ғилымовтың сот ісі аяқталмайынша кейінге қалдырылды.
«Ғилымовтың өзі Надира айтқан оқиғалардың орын алғанын растап отыр. Осыған байланысты біз сотқа шағым түсіріп, екінші сот ісі аяқталмайынша бұл сотты тоқтата тұру керек деп өтінген едік, сот қанағаттандырды. Себебі, Рахат Әлиевтің ар-ұжданына нұқсан келгені, не келмегені – жалпы осы әйелдер айтып отырған оқиға орын алды ма, жоқ па - соған байланысты болып тұр», дейді Надираның жақтаушысы Мурзин мырза.
Айта кетерлігі, Мурзин мырза Ғилымовтың да жақтаушысы. Сонымен, президент Назарбаевтың үлкен күйеу баласы - Рахат Әлиев «ар-ұжданыма нұқсан келтірді» деп сотқа берген Надира Базарбаева мен Армангүл Қапашеваның сот ісі Ғилымов пен арнайы жедел топ жасақтарының сот ісі аяқталмайынша кейінге шегерілді.
«Нұрбанктың» бұрынғы басшыларының әйелдері «біздің күйеулерімізді Рахат Әлиев қала маңындағы бір моншаға апарып, ұрып-соғып, қорқытып, өздеріне қажет құжаттарға қол қоюға мәжбүрлеген» деп, ақпан айының басында баспасөз мәслихатында мәлімдеген болатын. Ал сол сөздері үшін оларды Рахат Әлиев «ар ұжданыма нұқсан келтірді» деп сотқа берген еді. Сол уақытта қаржы полициясы банктың бұрынғы басшылары Әбілмәжін Ғилымов пен Жолдас Теміралиевтің үстінен «қаржылай былықпай жасаған, қызмет бабын асыра пайдаланған» деп, қылмыстық іс қозғап, банктың бұрынғы басқарма бастығы - Ғилымовты қамауға алған. Ал оның орынбасары Темірәлиевтың қайда екені әлі күнге белгісіз.
Теміралиевтың әйелі Армангүл Қапашева «менің күйеуімді Рахат Әлиевтың адамдары ұрлап әкетіп, белгісіз жерде ұстап отыр» деп мәлімдеген болатын. Армангүл күйеуінің айтуы бойынша, оған төнген қауіпті сезініп, күйеуін «банкте Рахат Әлиевтің адамдары ұстап қалар-ау» деген қауіппен оны құтқару үшін, Алматы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Самалиховқа өтініш жасағанын айтқан еді. Ал Самалихов өз кезегінде банкке арнайы жедел топ жасақтарын жіберіп, оның соңы ләгі жасақты қамауға алумен аяқталған болатын.
Алматыдағы екінші бір сот ісінде осы Ғилымов пен арнайы жедел топ жасақтары және оның басшылары – Самалихов пен Қадырқожаевтың үстінен басталған сот одан әрі жалғасты. Судья Арман Шамшиев «әзірге оны қарау ерте» деп қанағаттандырмай тастаған бірнеше шағым арыздардан соң, прокурор Тимур Шамои сотқа тартылғандарды тағылып отырған айыппен таныстырды. Ол айыптар: «Банк қызметінен босатылған соң, банк бұрынғы басқарма басшысы Ғилымов, кезінде жасаған қаржылай былықпайларының ізін жою үшін Теміралиев және бірқатар банк қызметкерлерін тарта отырып, оларға Алматы қаласының ішкі істер департаментінің бастық орынбасары әрі өзінің жерлесі - Самалиховты тартып, өз қызмет бабы шеңберінен асатын іс-әрекеттер жасаған» деп кете барады.
Сотқа тартылғандар тағылған айыппен келіспеді. Тек жедел топ жасақтарының жетекшісі Қадырқожаев «бұйрықты жазбаша алмағаным үшін, айыпты жартылай мойындаймын» деді. Сонымен сот алдағы бейсенбіде одан әрі жалғаспақ.