Аталған ұйымға қазір төрағалық етуші Германия елі бұл орайда Белградтағы реформашыл бағыттағы барлық партияларға мәлімдеме таратқан болатын. Мамырдың 8-і күнгі Серб сайлауларында әсіре ұлтшыл Томислав Николичтің парламент төрағасы боп сайлануына орай Еуропа одағы өз алаңдаушылығын білдіріп отыр. Серб радикалдық партиясының өкілі Николич мырза бұрынғы Серб басшысы Слободан Милошевичтің одақтасы болған.