Ресей президенті Қазақстанда атом электростанциясын салуға қатысамыз деді. Астанада кездескен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Ресей президенті Владимир Путин мұнай-газ саласында әріптестігіміз артады деп мәлімдеді. Назарбаев мұнайымыздың барлығын болмаса да, көпшілігін Ресей арқылы тасымалдауға әбден берікпіз деді. Назарбаев Ресей үкіметі қамқорлық жасап отырған "Бургас-Александрополис" мұнай құбыржолына қатысамыз деп мәлімдеді.