Жаңа маркетингілік зерттеу Америка мұсылмандарының орташа тұтынушыға қарағанда әлдеқайда білімді әрі 170 млрд. долларға тең сатып алу қабылетінің барлығын анықтап берді. АҚШ фирмаларының 6 млн. адамға жететін мұсылман тұтынушысының осы қабылетін мойындап, енді олардың көңілінен шығуға тырысып жатқаны да таң қалдырмайды. Бірақ осы талпынысында нәтижеге жету үшін, АҚШ фирмалары ең алдымен мұсылмандардың діни және мәдени құндылықтарын жете түсінуге тиіс.
Мұсылмандардың тез тамақтануы үшін қолайлы асхананы іздей қалсаңыз, есіңізге тек “Макхаггитс тауығы” (Chicken McNuggets) ғана түспесе керек. АҚШ-тың Мичиган штатындағы Детройт қаласының шетінде орын тепкен Макдональдс мейманханасы өзінің “Халал Макхаггитс тауығын” зор мақтанышпен насихаттайды. Өткен жылдың күзінде мейманхана мәзіріне осы тауықтың жазылуы мұң екен, “Халал Макхаггитс тауығын” сату 200 пайызға бірақ өсті. Сол себептен болса керек, Дирборн қаласында 400 мыңнан астам мұсылман тұрады. Америкадағы Араб қорының есебі бойынша, Дирборн – Таяу Шығыстан кейінгі этникалық арабтар ең көп тұратын мекен болып табылады.
Өздерінің өнімдері мен азық-түлігін тұтынатын қаншалықты үлкен топты байқамай келгендерін жергілікті фирмалар енді ғана сезіне бастады. Өйткені, мұсылмандардың дүкендерге не үшін және не іздеп баратынын олар түсінбей келді. Дирборндағы Америка арабтарының сауда палатасын басқаратын Нассир Бейдунның (Nasser Beydoun) атап көрсетуінше, өзінің мұсылман тұтынушылары тек Макфиш немесе балық бутербродын ғана сатып алып, одан басқа ештеңені сұрамайтынын Макдональдс мейманханасының иесі байқап, мұсылмандардың дүкендерге не іздеп баратынын бірінші болып түсінді.
Н.БЕЙДУН: “Осы Макдональдстің иесі бізге келіп: “Сіздер білесіздер ме, сіздердің қауымдастарыңыз балықты тым көп алады”, -деп мәлімдеді. Біздің оған бар айтқанымыз: “Сіз білесіз бе, олардың балықты сатып алатын себебі, олар одан басқаны жей алмайды. Өйткені, Сізде көшер немесе “халал” тамақ жоқ”, - дедік. Міне содан кейін ол дастархан мәзіріне халал асты, таза тауықты және басқа да халал азық-түлікті қосты да, мұсылман қауымдастығының діни этикасын қанағаттандыра бастаған соң, ол өз бизнесінің қатты кеңейгенін көрді”.
Мұсылмандар өзгелердің сатып алатын азық-түлігінің де көбін ала береді. Бірақ шариғат ережесі халық тұтынатын тауардың негізгі 3 түріне ерекше мән береді – 4 түлік малдың өнімдерінен жасалған азық-түлік, киім-кешек және косметика – адал, яғни халал болуға тиіс. Әйелдердің киген киімі ескіше арнайы киім болуы керек. Банк қызметі де - алым немесе төлемақы алуға тыйым салатын шариғат заңын қатаң ұстануға тиіс.
Америкадағы мұсылмандардың нақты саны туралы ешқандай ресми мәлімет жоқ, бірақ көпшілік пікір бойынша, олардың қатары кемінде 6 млн.-ды құрайды және мұсылмандар Мичиган, Тексас, Калифорния, Вирджиния штаттары мен Нью-Йоркте көп шоғырланған. Мичиган штатында Нассир Бейдуннің палатасы жергілікті фирмаларға мұсылман тұтынушыларының көңілін қалай табуға болатынын түсіндіріп келеді. Мысалға ол фирмаларды жергілікті фестивальдерге демеуші болып, жергілікті діни қауымдастық ұйымдарын қаржылай қолдауға және мұсылмандардың діни мереке күндерін мойындауға шақырады. Міне сонда ғана, деп түсіндіреді Бейдун, мұсылмандар өздерінің тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін құрметтей бастағанына көз жеткізеді.
Сонымен қатар Нассир Бейдун жергілікті фирмаларға мұсылман америкалықтарды жұмысқа алу керектігін айтады. Сонда ол компаниялардың жұмыс ережесін мұсылмандарға ықшамдап, өзгертуіне, мұсылмандардың ораза ұстап, күнделікті намаз оқуына жағдай жасауына өзі көмек-кеңес беруге дайын.
Мэриан Зальцман (Marian Salzman) – ғаламдық жарнама агенттігі – JWT компаниясының жетекші маркетинг агенті болып табылады. Бұл компания - өзінің өнімдері мен қызметін тұтынушыларының қатарына мұсылмандарды тартуға білек сыбана кіріскен әлемдегі ең ірі фирмалардың бірі.
М.ЗАЛЬЦМАН: “Бүгін Америка мұсылмандарының сатып алу қабылеті – 170 млрд. доллардан асып жығылады, демек олардың шынайы сатып алу қабылеті бар. Демек, олар – тұтынушылардың күшті де маңызды тобы болып табылады. Олардың маңызы – олар әлдеқайда білімді және Американың орташа тұтынушысына қарағанда әлдеқайда бай”.
Мэриан Зальцманның айтуынша, бірнеше ай бұрын JWT компаниясы мұсылмандардың қайсыбір тауарды сатып алу үшін қалай шешім қабылдайтынын және тауар жарнамасына қалай қарайтынын анықтау үшін АҚШ пен Ұлыбритания мұсылмандарының арасында сауалнама жүргізді. Компания 100-деген адаммен сұхбаттасып, сарапшылармен пікірлесті және 2 елдің де сауда орталықтарына шолу жасады.
М.ЗАЛЬЦМАН: “Біз АҚШ пен Ұлыбританияда осыған дейін өзіміз онша мән бермей келген өте маңызды мұсылман тұтынушысы бар деген түсініктің өсе түскенін сезе бастадық. Бұл – басты тұтынушыдан өзгешелеу тұтынушы. Бірақ олар халал заңына сәйкес тұтынады, шариғат ережесіне сәйкес банк қызметін талап етеді - үй шаруашылығының тіпті басқа өнімін – адал өнімді, азық-түліктің таза түрлерін тұтынады; банк қызметінің тіпті өзге түрлерін қажет етеді. Міне осылайша біз саударгерлерге, өз клиенттерімізге тұтынушылардың осындай маңызды тобын түсініп, оларға қолдау көрсетуіне көмек беруге тиіс екенімізді шынында да сезе бастадық”.
JWT компаниясы жүргізген сауалнаманың нәтижесінде алынған ең басты мәліметтің бірі – Американың мұсылмандары өздерін жарнамалардан көргісі келеді. Мұсылмандардың көпшілігі 2001-інші жылдың 11-інші қыркүйегіндегі террористік шабуылдардан кейін өзіне немқұрайды қарағандарын немесе тіпті өзін заңсыз қудалағандарын айтады. Осы сауалнама көрсетіп бергендей, Америкадағы өзге топтар сияқты мұсылмандар да өздерін қоғамның толыққанды мүшесі ретінде сезгісі келеді.