Қазіргі қолданыстағы заң бойынша, Қазақстанда ел президентінің міндетін атқаруы екі мерзімнен артық болмауы тиіс. Бірақ, келешекте бұл бап Қазақстанның алғашқы президентіне қатысты болмауы мүмкін. Осындай өзгерістердің Қазақстан Конституциясына енгізілуі алдағы аптада Парламентте талқыланатындығы туралы хабар таратты жұма күні Қазақстандағы кейбір ақпарат бұлақтары. Егер Парламенттің кейбір депутаттары Нұрсұлтан Назарбаев 2030-шы жылға дейін мемлекет басшысы болса да, оған өздері қарсы болмайтындықтарын айтса, Қазақстанның коммунистік партиясы мұндай өзгерістер Қазақстанды монархиялық басқару үлгісіне жетелейді деп есептейді.
Келесі аптада ел парламенті Конституцияға өзгерістер енгізуі керек деген хабар таратқан «Қазақстан тудей» ақпарат агенттігі жұма күні Алматы қаласы әкімшілігіндегі аты-жөні айтылмаған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Парламент Сенатының баспасөз қызметінің жетекшісі Махат Садық Парламенттің Қазақстан Конституциясына өзгерістер енгізетіндігін, бірақ уақыты әлі күнге дейін нақтыланбай отырғандығын айтты:
- Мамырдың 15-інде президент келеді деген. Бірақ, президент ол кезде шетелде іссапармен болады ғой. Соған қарағанда, алғашында жоспарланғанымен, кейінге жылжытқан шығар. Бірақ, «жуық арада болады» деуге негіз бар. Мамырдың соңы не маусымның аяғы. Сенат басшысы да «жақында болады» деген. Бәлкім, бір-екі мәселе бойынша келісе алмай жатқан шығар.
Парламент депутаты, бұған дейін қоғамды демократияландыру жөніндегі Мемлекеттік комиссияның Конституциялық даму перспективаларын анықтау жөніндегі жұмысшы тобының жетекшісі болған Әлихан Байменов келесі аптада Парламентте Конституцияға өзгерістер енгізу мәселесі қаралатындығын білмейтін болып шықты. Әйткенменде ол Конституцияға енгізілетін өзгерістердің негізгі бағыттарын былай көрсетті:
- Парламентітң өкілеттілігін кеңейту, сонан соң партиялық тізіммен сайланатын депутаттар санын көбейту (бір варианты – 50/50, екіншісі – 100%). Үшіншісі, жергілікті өзін-өзі басқару бойынша әкімдерді жергілікті өзін-өзі басқару органдары деп тану.
Жұма күні жарияланған ақпаратта Қазақстан Конституциясына парламент депутаттарының санын арттыру, парламентті партиялық тізім бойынша жасақтау тәрізді өзгерістермен бірге президент қызметіне сайлану мерзімін шектейтін бапқа өзгерістер енгізілетіндігі айтылған. Яғни, «Қазақстан президенті өз міндетін екі мерзімнен артық орындай алмайды. Бірақ бұл Қазақстанның бірінші президентіне қатысты еместігі» көрсетілген. Қазақстан парламентінің депутаты, Мәжілістің халықаралық істер және қауіпсіздік жөніндегі комитет төрағасы Серік Әбдірахманов бұл өзгерісті қолдайтындығын білдірді:
- Франция Конституциясында, қателеспесем, президентті екі мерзіммен шектемейді. Германия, Ұлыбритания және тағы сол сияқты өркениентті елдерде мемелекеттің бірінші басшыларының мерзімі де конституциялық жолмен шектелмеген. Бар мәселе – таза, ашық сайлауда! Егер халық Нұрекеңді 2030-ға дейін сайлаймын десе, мен қарсы болмаймын. Мен - «Нұр-Отанның» мүшесімін!
Ал, Қазақстан коммунистік партиясының төрағасы Серікболсын Әбділдин болса заңға әлгіндей өзгеріс енгізу дүниежүзілік қауымдастық үшін жаңалық болады дейді:
- Ол әр жағынан монархияға жетектейді. Бұл жалпы дүниежүзінде болмаған оқиғаның біреуі болып есептеледі. Демократия деп күні-түні жариялап жүрген Назарбевтың диктатор екенін көрсетеді. Оның бәрі қоғамды да, билікті де демократия жолымен дамытуға кедергі жасайды.Бізді бір ғасырға артқа сүйрейтін шешім болып шығады.
«Сайлаушылар лигасы» қоғамдық ұйымының жетекшісі Наталья Чумакова Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның алғашқы президенті ретінде өкілеттігін шектемеу ешқандай жаңалық емес, бұл тек қазіргі жағдайды заңдастыру деп есептейді:
- Президенттік мерзім қазір де шектеулі. Конституцияда президент екі мерзімнен артық өз міндетін атқаруға құқығы жоқтығы айтылған. Ал бізде бұл бап бірнеше мәрте бұзылғандықтан, Конституцияға соған сәйкес түзетулер енгізуі түсінікті. Өйткені, біздің президент мерзімін 4-5 рет ұзартып алған. Енді сол жағдайды заңдастырмақ, - дейді «Сайлаушылар лигасы» қоғамдық ұйым жетекшісі Наталья Чумакова.
1989 жылдан Қазақстанның коммунистік партиясы орталық комитетінің 1-ші хатшысы қызметін атқарған Нұрсұлтан Назарбаевты 1990-шы жылы көкек айында Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесі алғаш рет президент қызметіне сайлады. 1991-ші жылы желтоқсанның 1-інде елде тұңғыш рет өткізілген бүкілхалықтық президент сайлауының нәтижесінде Н.Назарбаев Қазақстан президенті болып сайланды. 1995-ші жылдың көкектің 29-ында жалпыхалықтық референдум арқылы оның президенттік мерзімі 2000-шы жылға дейін ұзартылды. Алайда, 1999-шы жылдың қаңтар айының 10-ында мерзімінен бұрын өткен президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев тағы президент болып сайланды. 2005-ші жылдың желтоқсан айындағы сайлауда 89 пайыз дауыспен Нұрсұлтан Назарбаев жеңіп шығып, оның президенттік мерзімі кезекті мәрте рет белгіленді. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы мен елдегі оппозициялық күштер Қазақстанда президент және парламент сайлаулары кезінде заң талаптарының бұрмаланып, бұзылғанын сынға алды.