Қазақстан алдағы уақытта мұнай өндіру көлемін 80 млрд. тоннаға дейін өсірмек

  • Жұлдыз ТӨЛЕУ
«Шығыс Қазақстан облысында үлкен мұнай кеніші табылуы мүмкін». Осылай деп дүйсенбі күні Парламент Мәжілісінде Қазақстанның Энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхаммедов мәлімдеді. Өйткені Шығыс Қазақстан облысының іргесінде қытай елінің ірі Қарамай мұнай кен орны бар. Энергетика министрі сонымен бірге «Егер Түркіменстанның газын Қытайға тасымалдау жобасы жүзеге асатын болса, Қазақстанның оңтүстік өңірі толығымен газбен қамтамасыз етілетін болады», – деді.
Қазақстанның Энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхаммедов таяуда Ресей, Қазақстан, Түркіменстан басшыларының Ашхабатта болған кездесулерінің барысында сөз болған Түркіменстан газының Қытайға тасымалдануы түбегейлі шешілетін болса, Қазақстанның оңтүстік өңірі толығымен газбен қамтамасыз етілетін болады деп мәлімдеді. Министр мырзаның айтуынша, Түркіменстан мен Қазақстан арасында 30 жылдан бері келе жатқан газ құбырының желісі бар. Бүгінде аталған газ құбырын дамытып, жаңартуға мүмкіндіктер туып отыр. Өйткені құбырдың газ өткізу техникалық мүмкіндігі 4 млрд. текше метрден аспайды екен. Газ құбырын жөндеуге, инвестиция жағына келетін болса, Түркіменстан тарабы өздерінікін салады екенде, Қазақстан жағы өз аумағындағы құбырды, жөндеп іске қосатын болады. Ал Түркіменстан Қытай газ құбырына қатысты келссөздерді жүргізуді Мемлекет басшысы маған тапсырды, – дейді Энергетика министрі:

– Қытаймен күні бүгін келісімге келдік. Бұл газдың маршруты Шымент-Жамбыл-Алматы-Талдықорған облыстарының үстімен жүретін болады.

Энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхаммедов сонымен бірге таяуда Түркіменстан елінде болған сапар барысында Орталық Азия центр газ құбыры арқылы газ тасымалдау көлемін көбейтуді жобасын қарағанын айтады:

– Биылғы жылдың аяғында аталған жоба арқылы газ тасымалдау көлемін 60 млрд. текше метрге жеткізетін боламыз. Ал таяу жылдары біз газ құбырының газ тасымалдау көлемін 80 млрд. текше метрге дейін жеткізуімізге мүмкіндік бар. Егер Өзбекстан мен Түркіменстан осындай көллемде газ шығаоамыз деп кепілдік берсе, біз тасымалдау көлемін өсіретін боламыз. Бұл жөнінде де Түркіменстанда болған кездесуде әңгіме болды.

Ал Қазақстанның шикі затын Ресей аумағы арқылы ТМД елдері мен Балтика және еуропа елдеріне экспортқа шығару мәселесі жөнінде Энергетика министрі Ресейдің Газпром компаниясы бізге уәде берді, әзірге уәде тек сөз жүзінде дейді.

Жалпы Қазақстан өткен жылы 65 млн. тоннаға жуық мұнай мен газ конденсатын өндірген. Энергетика министрі келесі жылы одан көп болады деп уәде беріп отыр:

– Келесі жылдан бастап Теңізшевройл жобасы бойынша өндірілетін мұнай көлем өсетін болады. Таяу бір-екі жылдың ішінде ол 10-12 млрд.қа артады.

Осыдан бірер жыл бұрын Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блеер мұнай өндіруші мемлекеттерге ашық жұмыс істеу жөнінде ұсыныс тастаған болатын. Осыған байланысты мәжіліс депутаты Амангелді Айталы Қазақстанда мұнай қаржысының көбі көлеңкеге кетіп жататындығын айтады:

– Мұнайдан түскен кіріс жасырын. Бұл жерде үлкен жемқорлық бар.

Мұнай келісімдерінің ашықтығы туралы Энергетика министрі арнайы мемлекеттік мониторинг жүйесі құрылғанын сөз етті.

Ал мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов болса, қазақстандық мұнай өндіруші компаниялардың негізгі иесінің кім екенін айтып беруді министрден талап етті.

Жалпы Энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхаммедовтің сөздеріне сенсек жылдан-жылға қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайы жақсаратын болады, өйткені соңғы он жылдан бері салынған инвестиялар енді нәтиже беріп жатыр. Мысалы, 1995 жылдан 2005 жылға дейін мұнайдан түскен ашқа 11 млрд. теңгені құраса, 2006 жылы мұнайдан түскен қаржы 8 млрд. теңгеден асқан.

Энергетика министрі сонымен бірге шығыс Қазақстан облысында үлкен мұнай кеніші табылуы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Онлда қазір барлау жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты. Өйткені Шығыс Қазақстан облысының іргесінде Қытайдың ірі қарамай кеніші жатыр.