Әзірбайжанда түрлі айыппен түрмеге отырған журналистердің қатары 7-ге жетті

БАКУ: Әзірбайжан астанасының соты оппозициялық 2 журналисті “жала жапты” деген айыппен түрмеге кесті. Сот күнделікті “Мухалифат” газетінің бас редакторы Ровшан Кабирлиді және осы газеттің тілшісі Яшар Ага-задені 30 ай мерзімге бас бостандығынан айыратын өкім шығарды. Оларға қазіргі Әзірбайжан президенті Ильһам Әлиевтің ағасы болып табылатын Жалал Әлиевтің кәсіпкерлік істері туралы ақпан айында “Мухалифат” газетінде жарық көрген мақалаға байланысты айып тағылды. Қазір Әзірбайжанда 7 журналист түрмеде отыр.