Соңғы 4 айда Қазақстанда жемқорлыққа қатысты 547 қылмыстық іс тіркелді. Бұл туралы Астанада мамырдың 17-күні Республикалық қаржы полициясы агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Қожамжаров хабарлады. Оның айтуынша, бұл қылмыстар өткен жылғы көрсеткіштен 35 пайызға артық. Және күдіктілер ішінде премьер-министр кеңсесінің өкілі, бұрынғы облыс әкімі және республикалық салық комитетінің жауапты қызметкері сияқты жоғары лауазымды тұлғалар аталды.
Қаржы полициясының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда елде пара алу 11 пайызға, қызмет бабын пайдалану фактілері 2 есеге, бөтен мүлікті алып алу 1,5 есеге және қызметте әдейі әрекет жасамау фактілері 66 пайызға өскен. Жемқорлық істер судьялар ішінде, әділет министрлігі, салық және кеден органдарында өскен деп хабарланды. Мысалы, өткен жылы салық органдарының 5 қызметкері ұсталса, биыл 13 адам жемқорлыққа қатысты деп күдіктеліп отыр. Үкіметтік емес ұйымға жататын Еуропалық құқық институтының директоры Марат Башимов, пара алушылардың көбеюіне мемлекеттің өзі кінәлі болуы мүмкін дейді:
- Қараңыз - барлық құқық органдарының еңбекақысы аз. Аз болған соң мемлекет өзі айтып тұрған секілді болып тұрады.
Қаржы полициясының мәліметінше, жоғары лауазымды шенеуніктер ішінде премьер-министр кеңсесінің бөлім меңгерушісіне айлакерлік жасады деген айып тағылған. Ол құрылыс компанияларына жер телімдерін әперемін деп 75 мың доллар пара алған деп күдіктеліп отыр. Ал, ірі сомалар көрсетілген істердің ішінде Маңғыстау облысының бұрынғы әкімі Болат Палымбетовтың ісі бар. Республикалық қаржы полициясы агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Қожамжаровтың айтуынша, Палымбетов 189 мың доллар тұратын жер үй салғызған деп күдікке ілініпті:
- Сондағы бір жеке серіктестік қаланың ортасынан жаңа құрылысқа жер телімін алу үшін сол кісінің әкесіне оның тұрғылықты жерінде Қызылорда облысында бағасы 22 миллионнан асатын коттедж салып берген. Ол өте ауыр қылмыс деп саналады және 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бірақ, қаржы полициясы, республикалық салық комитеті төрағасының орынбасары Қанатов бұрынғы облыс әкімінен де асып түскен деген дерек айтады. Оның мемлекетке келтірген шығыны 17 миллиард теңге немесе 144 миллион доллар деп есептеліп отыр екен.
«Салық комитеті төрағасының орынбасары кәсіпкерлерге «айыппұлдың 10 пайызын маған берсеңдер қалғанын мемлекетке төлемесеңдер болады» деп, мәжбүрлеген. Ол салық төлейтін компанияларға қосымша құн салығын қайтарып беруге уәде еткен. Сол үшін компаниялар заң жүзінде табыстың 10 пайызын берген» - дейді қаржы полициясының өкілі.
Қанатов 4 облыс пен Алматы қаласында консалтингтік фирма ашыпты. Ол өзінің қызмет бабын пайдаланып, ірі салық төлеуші болып табылатын компанияларға әлгіндей қызмет көрсеткен деп күдіктеледі, дейді Республикалық қаржы полиициясы агенттігі төрағасының орынбасары Қайрат Қожамжаров:
- «Қазақстан темір жолы», «Петро Қазақстан», Құмкөл ресорс», «Ақтөбемұнайгаз», «Филипп Моррис Қазақстан» сияқты мекемелерге қызмет көрсетіп, олардың салықтан босатылған сомасының 10 пайызын өздеріне пайда ретінде тауып отырған.
Нәтижесінде ол 149 миллион теңге немесе 1 миллион 200 мың доллар көлеміндегі ақшаны қалтасына салған деп айыпталып отыр. Болжам бойынша бұл күдіктелуші қолма қол ақшаға айналдырып үлгірген табысының жартысы ғана. Үкіметтік емес ұйымға жататын Еуропалық құқық институтының директоры Марат Башимовтың айтуынша, жемқорлықпен күресу үшін Қазақстан заңдарын халықаралық талаптарға сай өзгерту керек:
- Мысалы, Израилде, АҚШ-та, Еуропада сондай кісілерді әкімшілік жұмысқа жолатпайды. Бізде заңға қатты өзгеріс енгізбей жемқорлықпен күресу қиын болады. Өйткені, біздің Азияда кейде дәстүр болып кеткен.
Ал, Қазақстан жұртшылығы өкілдерінің бұл мәселеге қарасты көзқарастары ұқсас:
- Жұмысқа кіру үшін пара.
- Кез келген жерде пара.
- Жемқорлық деген ешқашан бітпейді, қанға сіңген нәрсе.
Прокуратураның мәліметінше, Қазақстанда жемқорлықпен күрес жұмысы 1998 жылы заң қабылданғаннан бері жүргізіліп келеді. Ресми мәлімет бойынша жемқорлыққа қатысы барлардың қолға түскендер саны жыл сайын көбейіп келеді. Негізінен қызметте құжаттарды ауыстыру, қызмет бабын асыра пайдалану және пара алу анықталып келеді, деп хабарлап отыр бас прокуратура.