Қазақстан шекарашылары Өзбекстаннан заңсыз кірген 73 жеңіл автомәшинеден құралған керуін тоқтаттық, олардан контрабандалық жүк шықты деп жариялады. Оқиға Оңтүстік Қазақстан облысында кеше болды. Жүргізушілер тоқтамай қойды, шекарашылар ескертіп аспанға оқ атқанда өзбек жеріне қашып кетті делінеді.