Ауғанстандағы бомба жарылыстарында 11 полиция құрбан болды, бір министр жарақат алған

Кеше Қандағар қаласында жанкештілік бомба жарылысында Ауғанстанның ақпарат министрі жараланды. Үш бейбіт тұрғын құрбан болған. Қандағар провинциясының губернаторы Асадулла Халид жанккешті бомба жарушының министрдің көлігін көздеп, нысанаға алғанын айтқан. Жарақаттанған министр ауруханаға жеткізілген. Оның алдында осы қаладағы екі бірдей бомба жарылысында 11 полиция қаза тапқан еді.