ДИЛИ: Бүгін Шығыс Тиморда Хосе Рамос-Орта – президент ретінде ант берді. Шығыс Тимордың Индонезиядан тәуелсіздік алуы жолындағы күресіне көп үлес қосқан әрі Бейбітшілік үшін Нобель сыйлығын алған Хосе Рамос-Орта – таяуда болып өткен президент сайлауында 70 пайыздан асатын дауыс алды. Ол Шығыс Тимордың бірінші президенті болған Ксанана Гусмаодан билік құзырын қабылдап алды.