Ресей үкіметі осы елдің бұрынғы барлаушысы Александр Литвиненконы өлтірді деп айыпталған бизнесмен Андрей Луговойды Британияға ұстап бермейміз деп мәлімдеді. Британия прокуратурасы қылмысты Андрей Луговой жасады деп айыптады кеше. Ресей бас прокуратурасының өкілі Марина Гриднева Британия сұрап отырған азаматты ұстап бере алмаймыз, бұған Ресей Федерациясы конституциясының 61-ші бабы тыйым салады, мұндай істер тек Ресейдің өз басында тергелуге тиіс деді. Президент Владимир Путинді қатты сынайтын Литвиненко радиациялық затпен уландырылған, ол былтыр қараша айында Лондонда қайтыс болды.