Аңқарада болған бомба шабуылынан қаза тапқан адамдардың саны алты кісіге жетті

Бомба шабуылынан тағы сексен адам жарақат алды. Түркия бас министрі Режеп Тайып Ердоған кеше кешкісін орын алған оқиғаны "террорлық шабуыл" деп сипаттады. Бомба алдын ала қойылған ба, жоқ әлде оны жанкеші жарды ма – әзірше белгісіз. Қаза болғандардың біреуі – Пәкістан азаматы, қалған бесеуі – Түркия азаматтары. Жауапкершілікті ешкім өзіне атаған жоқ. Шабуылды күрд партизандарымен сыбайлас топтар жасауы мүмкін деген жорамал да тергеліп жатыр.