Қырғызстанның мемлекеттік хатшысы тәуелсіз басылымдарды сынға алды

Қырғызстан мемлекеттік хатшысы Адахан Мадумаров елдегі кейбір тәуелсіз басылымдардың ұдайы билікті кіналап жариялаған материалдары саяси жағдайды ушықтырып отыр деп айыптады. Ол өзінің мұндай ойын Бішкектегі медиа-форумда сөйлеген сөзінде ортаға салды.