ЕҚЫҰ-ы Қазақстандағы дін еркіндігі мен діни төзімділікті жақсы бағалады

АСТАНА: Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің мұрындық болуымен, бүгін Астанада дін еркіндігі бойынша Қазақстан заңдары мен халықаралық стандарттардың сәйкес келуі мәселесі талқыланды. Аталған Еуропалық ұйымның Алматыдағы кеңсесінің басшысы Ивар Викки Қазақстанның “ұлтаралық және діниаралық төзімділікті нығайтуға” бағытталған іс-әрекетіне жақсы баға берді. “Дөңгелек үстөлдің” барысында азаматтардың дін еркіндігі мен діни іс-әрекеттерін заңға сәйкес атқаруға және ол заңдардың халықаралық стандарттарға лайық болуға тиіс екені атап көрсетілді.