Бірнеше әуе соққысынан кеше кемінде бес жаугер өлтірілді. Бір шабуыл барысында Палестина бас министрі Исмаил Ханияның үйінің сыртында орналасқан күзет үйі қиратылды. Батыс Жағалауда Палестина министрі Уасфи Каба қамауға алынды. Шығыс Иерусалимде қақтығыста екі палестиндік қарулы азамат өлтірілді, Израиль полициясының екі қызметкері жарақат алды. "Хамас" ұйымы Израиль шабуылдары жалғаса берсе былтыр шілде айында тұтқынға алынған Израиль сарбазы Гилад Шалитті босату қиын болады деп ескертті.