МИНСК: Александр Милинкевич – бұдан былай беларусь оппозициясының лидері емес. Оппозицияның жексенбі күні болып өткен конгресінде Милинкевичтің орнына біріккен оппозицияның 4 тұлғадан тұратын ұжымдық басшылығы сайланды. Сонымен қатар конгресс “ресми билікпен арада үйлесімді диалог жүргізу” туралы үндеуді қолдады. Милинкевич болса, олппозиция қатарында қалатынын, бірақ жаңа “қозғалыс” құруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Өткен жылғы президент сайлауында А.Милинкевич А.Лукашенкоға қарсы дауысқа түсіп, сайлаудан кейін оппозицияны наразылық шарасына бастап шықты.