Ирақта әбден азып-тозған және жәбір көрген 41 адам босатылды

БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ әскері Бағдадтан солтүстік-шығысқа қараған бойда “Әл-Қаида” содырларының тұтқынында болған 41 Ирақ азаматын босатты. АҚШ әскері өкілінің хабарлауынша, олардың кейбірі тұтқында 4 айдан көп отырған, көпшілігі әбден азып-тозған және жәбір көрген. Бағдад қаласының өзінде тосын шабуылдардың салдарынан 4 адам қаза тапты. Әс-Самарра қаласында Ирақ полициясының жоғары лауазымды 2 қызметкері өлтірілді.