АҚШ-пен арадағы келіссөзінің алдында ресми Теһран Вашингтонды айыптады

ТЕҺРАН: Бүгін Бағдадта Иран мен АҚШ-тың Ирақтағы елшілері Хасан Каземи-Қоми мен Раян Крокердің Ирақтағы қантөгісті тоқтату проблемасы бойынша келіссөзі өтуге тиіс. Иран мен АҚШ дипломаттарының бұл кездесуі – екі елдің 27 жылдан кейін ең жоғарғы деңгейдегі алғашқы бас қосуы болмақшы. 2 ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас - Ирандағы “Ислам төңкерісі” мен АҚШ-тың Теһрандағы елшілігі басып алынған 1980-інші жылы үзілген болатын. Осы келіссөздің қарсаңында Иран АҚШ-ты өз территориясында “тыңшылық жүргізді” деп айыптады.