АСТАНА: Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов түркімен елінің Тәуелсіз мемлекеттер достастығында белсенді рөл атқарғанын қалайды. Кеше 2 күндік сапармен Астанаға келген түркімен лидері осылай деп мәлімдеді. Түркіменстанның бұрынғы – марқұм болған президенті С.Ниязов 2005-інші жылы Түркіменстанның Достастыққа мүше болуынан толығымен бас тартқан болатын. Г.Бердімұхаммедов Астанада Қазақстан президенті Н.Назарбаевпен арада Каспий маңынан газ құбырын тарту туралы Ресей жағымен қол қойылған 3 жақты келісімді талқылауға тиіс.