Жансыздық жасау жөніндегі Иранның айыптауын ресми Уашингтон жоққа шығарды

АҚШ және Иранның қос азаматтығына ие үш адамды жансыздықпен айналысады, деген Техранның айыптауын “бос сөз” деді АҚШ тарапы. АҚШ Мемлекеттік департаменті өкілінің айтуынша, ол үшеуі- қарапайым азаматтар. Және Құрама Штаттар мен Иран арасындағы саяси айтыстардың ешқайсысына да қатыстары жоқ, деді Том Кәси.